УАҚЫТ СЫНЫ: GAC GS4 БІРІНШІ БУЫНЫ САПАСЫН ЖОҒАЛТПАЙ, 500 000 КМ ЖҮРІП ӨТТІ
Автомобильдің сенімділігі туралы айту үшін зертханалық сынақтардың өзі жеткіліксіз - оның нақты пайдалану жағдайларындағы сенімділігін тексеру маңызды.
Бірінші буындағы GAC Trumpchi GS4 моделінің тарихы ерекше назар аударуға тұрарлық. 2015 жылы шығарылған автомобиль 500 000 километрден астам жол жүрді. Автомобиль Қытайдың жетекші мемлекеттік ғылыми-зерттеу және техникалық ұйымы - CATARC полигонында бірқатар қатаң сынақтан өтті. Содан кейін барлық тораптары мен агрегаттарының техникалық жай-күйін егжей-тегжейлі талдау мақсатында автомобиль толық бөлшектелді.
Бұл эксперимент GS4 моделінің жоғары төзімділігін көрсетіп қана қоймай, GAC компаниясының инженерлік стандарттары автомобильдердің ұзақ мерзімділігі мен сенімділігіне қойылатын әлемдік талаптарға сәйкес келетінін дәлелдеді.
Неліктен 500 000 км - үлкен сынақ?
Мұндай жүріс 12,5 рет әлемді айналып шығуға немесе автомобильді отбасының орташа пайдалану жағдайында 25 жыл бойы пайдалануға тең.
Бұл ретте GS4 моделін пайдалану жағдайлары мінсіз болған жоқ: таулы жолдармен және құрылыс алаңдарында тұрақты жүру автомобиль үшін күнделікті қалыпты жағдайға айналды.
1. Полигондағы сынақ
Автомобильді толық техникалық диагностикадан өткізбес бұрын, инженерлер оның нақты пайдалану жағдайындағы жұмысын тексерді. Сынақ трассасында GS4 160 км/сағ жылдамдыққа дейін сенімді түрде үдеп, «жыланша» маневрін орындады, сондай-ақ резонанстық толқындар мен брусчатка төселген жол учаскелерінен өтті.
Сынақ нәтижесі:
Газ педаліне жауап беру реакциясы жаңа автомобиль деңгейінде сақталды.
Аспа жүйесі өзінің қаттылығы мен энергияны сіңіру қабілетін сақтады.
Кузовтың бұралу қаттылығы төмендеген жоқ, бұл күштік құрылымда микрожарықтардың болмағанын көрсетеді.
2. Автомобильдің жүрегі - қозғалтқыш
Күш агрегатын бөлшектеу сынақтың басты сенсациясына айналды. 500 мың километр жүргеннен кейін қозғалтқыштың сыртқы беттерінде майдың тек шамалы іздері байқалды - төсеніштер мен май тығыздағыштарының тығыздығы жаңа автомобиль сатылған кездегі деңгейде дерлік сақталған.
Қозғалтқыштың ішкі бөліктерін тексерудің негізгі нәтижелері:
Таратқыш біліктер: сызаттар, қажалу іздері және біркелкі емес тозу белгілері анықталған жоқ.
Цилиндрлер: зауыттық геометриясы сақталған, сопақтану байқалмайды. Цилиндр қабырғаларында майлау үшін қажетті микротекстура - хондау торы анық көрінеді.
Поршень тобы: поршень сақиналары еркін қозғалады, поршень етектерінің тозуы минималды.
Иінді білік: шатундық және түпкі мойынтірек төсемдері мен мойындарында қызып кету немесе мыс қабатының ашылу белгілері анықталмады, бұл қозғалтқыштың жоғары ресурсын көрсетеді.
Отын бүрку жүйесінің бүріккіштері мен газ тарату механизмінің жай-күйі GS4 қозғалтқышының уақтылы техникалық қызмет көрсетілген жағдайда күрделі жөндеусіз ұзақ уақыт пайдалануға есептелгенін растайды.
3. Жүріс бөлігі және шасси
Алдыңғы және артқы аспа жүйелерін тексеру барысында көтергіш элементтерде жарықтар немесе қауіпті коррозия белгілері анықталған жоқ. Қосалқы жақтаудың дәнекерленген жіктері бүтін күйінде сақталған, ал антигравиялық жабын құм мен жол реагенттерінің тұрақты әсеріне қарамастан, металды тас сынықтарынан және басқа механикалық зақымдардан қорғаған.
Ерекше бақылау:
Алдыңғы қосалқы жақтауды бекітетін болттардың тарту моменті 100 Н·м болды, ал рұқсат етілетін ең төменгі көрсеткіш 96 Н·м құрайды.
Бұл 10 жыл пайдалану барысында кузов геометриясының өзгермегенін, ал бұрандалы қосылыстар зауытта белгіленген қаттылығын сақтаған.
4. Интерьер материалдарының сапасы
Салон - автомобильдің иесі күн сайын көріп, пайдаланатын негізгі бөлігі. 10 жыл пайдаланылғаннан кейін де құралдар панелі майыспаған және жарылмаған. Орындықтардың толтырғышы серпімділігін сақтап, шөгіп қалмаған, ал қаптамасы өзінің бастапқы сыртқы көрінісін жоғалтпаған.
Рульдегі батырмаларды басқан кездегі тактильдік сезім мен климаттық жүйенің жұмысын бір сөзбен «жаңа автомобильдегідей» деп сипаттауға болады. Батырмалардағы таңбалар өшпеген, ал оларды басуға қажетті күш көлемі те өзгермеген.
5. Кузовтың коррозиядан қорғау сапасы нарықтағы орташа көрсеткіштен жоғары
Құрастыру дәлдігіне ерекше назар аударылды. Кузов панельдерінің арасындағы саңылаулар өндіруші зауыт белгілеген қатаң DTS стандарттарына бұрынғыша сәйкес келеді.
Кез келген автомобильдегі коррозияға ең осал элементтердің бірі табалдырықтар -мінсіз жағдайда сақталған. 10 жыл бойы ылғал мен жолдағы кірдің әсеріне ұшырағанына қарамастан, есік панельдері мен дәнекерлеу жіктерінде тот басу ошақтары анықталған жоқ.
Сарапшылардың айтуынша, GS4 моделінің коррозияға қарсы өңдеу сапасы автомобиль өнеркәсібіндегі орташа көрсеткіштерден жоғары.
Қорытынды: Сенімділік - миллиондаған километрмен дәлелденген
Бөлшектеу нәтижелері бәрін айқын көрсетті. GAC Trumpchi GS4 моделінің бірінші буыны жоғары сенімділіктің жай ғана маркетингтік ұран емес, инженерлік шешімдермен дәлелденген нақты нәтиже екенін көрсетті.
Технологияларын үздіксіз дамытып, құрастыру сапасын жетілдіріп келе жатқан GAC компаниясы үшін 10 жыл пайдаланылған автомобильге жүргізілген бұл сынақ брендтің «Сапа - бәрінен жоғары» деген философиясының негізділігін тағы бір мәрте растады.
Біз ең күрделі пайдалану жағдайларына төтеп беріп, өзінің пайдалану қасиеттерін ондаған жыл бойы сақтай алатын автомобильдерді ұсынатын брендтің өкілі екенімізді мақтан тұтамыз.
Мұндай ұзақ қызмет ету мерзімінің сыры тек зауыттық сапада емес, сонымен қатар сертификатталған мамандардың уақтылы техникалық қызмет көрсетуінде жатыр. Біз сіздің автомобильіңіздің мінсіз техникалық күйін ұзақ жылдар бойы сақтауыңызға әрдайым көмектесуге дайынбыз.