GAC Қазақстанда клиенттердің дербес деректерінің құпиялылығын сақтауға қамқорлық жасайды.** Біз Сізден жеке басыңызды анықтауға мүмкіндік беретін деректерді (мысалы, аты-жөніңіз, мекенжайыңыз, телефон нөміріңіз немесе электрондық пошта мекенжайыңыз) сұратпаймыз, тек Сіздің Дербес деректеріңізді өзіңіз ұсынған және GAC оларды Сіздің сұрауыңызды орындау мақсатында және (немесе) Сіздің мүддеңізге байланысты өзге де мақсаттарда өңдейтін жағдайларды қоспағанда. Кез келген жағдайда мұндай деректер Сіздің бастамаңыз бойынша ұсынылады.
Өзіңіздің Дербес деректеріңізді ұсына отырып, Сіз дербес деректер субъектісі ретінде Қазақстан Республикасындағы GAC өкіліне (дербес деректер операторы), мекенжайы: Қазақстан Республикасы, Алматы қаласы, Сүйінбай даңғылы, 159А, Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 21 мамырдағы № 94-V «Дербес деректер және оларды қорғау туралы» Заңына және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес өзіңіздің тегіңізді, атыңызды, әке атыңызды, туған жылыңызды, айыңызды, күніңізді, ұялы телефон нөміріңізді және электрондық пошта мекенжайыңызды жинауға, өңдеуге, пайдалануға, иесіздендіруге, таратуға және трансшекаралық беруге келісім бересіз.
Бұл ретте Сіздің дербес деректеріңізді жинау, өңдеу, пайдалану, иесіздендіру, тарату және трансшекаралық беру Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келмейтін тәсілдермен, әлеуетті түрде қызығушылық тудыруы мүмкін тауарлар мен қызметтер туралы ақпарат ұсыну, сондай-ақ статистикалық ақпаратты жинау және өңдеу, маркетингтік зерттеулер жүргізу мақсатында, оның ішінде жалпыға қолжетімді ақпарат көздерінде жүзеге асырылады.
Назар аударыңыз, сілтемелер мен жарнамалық баннерлер арқылы Сіз деректерді қорғау тәжірибесі Компанияның осы саясатынан өзгеше болуы мүмкін басқа веб-сайттарға өте аласыз. Біз үшінші тұлғалар ұсынатын немесе жинайтын ақпарат үшін жауап бермейміз және оны бақыламаймыз.
Жоғарыда көрсетілген мақсаттарға қол жеткізу үшін Дербес деректер операторы Сіздің Дербес деректеріңізді өз дилерлеріне, уәкілетті сервистік орталықтарына, сондай-ақ Қазақстан Республикасындағы GAC өкілі өз қалауы бойынша тиісті серіктестік шарттарын жасасқан басқа компанияларға бере алады. Сіздің Дербес деректеріңіз жоғарыда көрсетілген мақсаттарға қол жеткізу үшін қажетті мерзім ішінде немесе Сіз оларды өңдеуге берген келісіміңізді қайтарып алғанға дейін өңделеді.
Біз Сіздің деректеріңіздің Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес сақталуын қамтамасыз ету үшін барлық ақылға қонымды шаралардың қабылдануына кепілдік береміз. Сіздің келісіміңізсіз деректер үшінші тұлғаларға олардың дербес пайдалануы үшін берілмейді.
Егер Сіз GAC компаниясына Дербес деректеріңізді бұрын ұсынған болсаңыз және бұл ақпараттың түзетілуін немесе біздің дерекқорымыздан жойылуын қаласаңыз, немесе біз Сіздің қандай Дербес деректеріңізді пайдаланатынымыз туралы білгіңіз келсе, сондай-ақ Дербес деректеріңізді өңдеуге қатысты сұрақтарыңыз болса, Қазақстан Республикасындағы GAC өкілінің атына тиісті сұрау жолдай аласыз.
Байланыс ақпараты:
GAC байланыс орталығы: 6080
(Қазақстан бойынша қоңырау шалу тегін)
Күн сайын 09:00–21:00 (Астана уақыты бойынша)